Қазақстанда инфляция жыл соңына дейін 6-8 пайыз дәлізінде болжанады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі инфляция бойынша параметрлер жыл соңына дейін 6-8 пайыз дәлізінде болжанады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқылау барысында мәлім болды.

Қазақстанда инфляция жыл соңына дейін 6-8 пайыз дәлізінде болжанады

Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, қыркүйек айының қорытындысы бойынша жылдық сипаттағы инфляция 7,4 пайызды құрап отыр. «Осылайша, инфляцияның ағымдағы деңгейі болжамды параметрлерден асып отырған жоқ. Сонымен қоса, инфляцияға монетарлық фактордың әсер ету деңгейі төмен. Мәселен, қаңтар мен қыркүйек арасындағы ақша массасы он алты пайызға өсті. Соған орай, инфляцияның жылдық болжамы белгіленген дәлізде сақталады», - деді ҰБ төрағасы.