Қазақстанда инфляцияның қарқыны бәсеңдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың қараша айында тұтыну тауарлары бағасының жылдық өсімі 8,7%-ды құрады. Былтыр оның көлемі 12,8% деңгейінде тіркелген, деп хабарлайды energyprom.kz.
None
None

Баға өсімінің бәсеңдеуіне инфляцияның ауыздықталуы және теңге бағамының тұрақталуынан нарықтың тепе-теңдікке түсуі әсер етті. Былтыр күзде бағалар ең жоғарғы деңгейге көтерілген болатын. Соған қарағанда, оның биылғы деңгейі әлдеқайда жағымды. Жалпы, ең қатты қымбаттағаны азық-түліктік емес тауарлар - 9,8%. Азық-түлік - 9,1%, қызметтер - 7,4%.

Азық-түліктік емес тауарлардың ішінде үй тұрмысы заттары мен тұрмыстық техникалардың құны  едәуір жоғарылаған - бір жыл ішінде 10%. Ақылы қызметтер саласында денсаулық сақтау (14,8%) және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы (9,3%) қымбаттағаны анықталып отыр. Өңірлерді жеке-жеке қарайтын болсақ, тауарлар мен қызметтердің барлық топтары бойынша, баға Астана қаласында ең көп қымбаттаған - 10,8%. Сонымен қатар Астанада азық-түліктің ең қатты қымбаттағаны байқалып отыр (бірден 14,2%-ға). Ақылы қызметтердің құны бойынша, Алматы облысында баға көп жоғарылап отыр (12,5%).

Соңғы жаңалықтар