Қазақстанда Интернет желісі абоненттерінің саны 4,7 миллионнан асты

АСТАНА.  Қазанның  19-ы. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ -   Қазақстанда Интернет желісі  абоненттерінің саны 4,7 миллионнан  асты.  

Қазақстанда Интернет  желісі  абоненттерінің саны  4,7 миллионнан  асты

 Бұл туралы Ақпараттандыру  және  байланыс     агенттігінің    жұма күні  өткен   алқа   мәжілісінде      айтылды,  деп  хабарлады  ведомствоның баспасөз қызметінен.

Байланыс операторларының    есептеріне сілтеме жасаған  Агенттік басшысы Қуанышбек Есекеев  таныстырған  мәліметтерге сүйенсек,     Интернет желісі  абоненттерінің саны   4,7 миллионнан  асқан, яғни әр 100 адамға  шаққанда 30 абонент тіркелген.    Оның ішінде, 3,1  миллион абонент   Интернет желісіне мобильдік  қосылудың абоненттері  болса,  1,2 миллионы -  Интернет желісіне кең  тармақты   жүйе арқылы  қосылғандар.  Тағы 0,4  миллион абонент  - Интернет   желісіне   коммутациялық қосылатындар.