Қазақстанда Интернетті пайдаланушылардың саны 3,16 миллион адамға жетті
АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - ICT-Marketing компания жүргізген зерттеудің қорытындысы, 2009 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қазақстанда Интернетті пайдаланушылардың саны 3,16 миллион адамға жеткенін немесе республика халқының 19,8 пайызын құрағанын көрсетіп отыр.
2008 жылдың желтоқсан айы мен 2009 жылдың желтоқсаны аралығындағы кезеңде Интернет-аудиторияның саны 30 пайыздан астамға артқан.