Қазақстанда инвестициялық стратегияны айқындайтын үкіметтік кеңес құрылады - Ә.Исекешев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда инвестициялық стратегияны айқындайтын үкіметтік кеңес құрылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
None
None

«Келесі жылы өңірлік өсім драйверлерін қалыптастыру мақсатында бәсекелестік басымдықтары мен өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, макроөңірлерді дамытудың инвестициялық бағдарламасы әзірленетін болады. Үйлестіру жұмыстарын күшейту мақсатында Үкіметтік кеңес құрылады», - деді Ә.Исекешев.

Оның сөзіне қарағанда, аталған кеңес инвестициялық ахуалды үйлестірумен қатар ірі инвестициялық жобаларды қарап, инвестициялар бойынша стратегияны айқындайтын болады.

«Кеңес жұмысына халықаралық консультанттарды, Астанада құрылатын қаржы орталығын ескере отырып, инвестициялық банктердің өкілдерін тарту ұсынылады», - деді ол.

Министр осы орайда бүгінгі күні бірқатар халықаралық консультантпен, инвестициялық банктермен уағдаластыққа қол жеткізілгенін ескертіп өтті.

Соңғы жаңалықтар