Қазақстанда инвестициялық субсидия адвалорлық жүйемен берілетін болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда инвестициялық субсидия адвалорлық жүйемен берілетін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталдық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.
«Үкімет отырысында инвестициялық субсидия беру ережелері туралы мәселе қаралды. Өздеріңізде білетіндей, маусымда инвесторлар үшін инвестициялық субсидиялар беру туралы заңға қол қойылды және аталған жаңа ережелерге сәйкес біз инвестициялық субсидияларды адвалорлық жүйемен беретін боламыз», - деді Е.Сағадиев.
Вице-министрдің түсіндіруіне қарағанда, аталған жүйеге сәйкес инвестиция көлемі артқан сайын инвесторлар үшін субсидияның пайызы қысқара беретін болады.
«Бұған қоса, инвестициядық келісім жасаған мұндай инвесторлар үшін салық преференциялары мен жеңілдіктер өзгеріссіз қалады», - деді ол.