Қазақстанда инвестициялық қорлардың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда исламдық, цифрлық және ESG-қорларын құруға, сондай-ақ бір қор аясында бірнеше инвестициялық стратегияны іске асыруға жол ашатын заң жобасы Құрылтай депутаттарына таныстырылды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлім етті. 

Қазақстанда инвестициялық қорлардың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін
Фото: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Құрылтай депутаттарына «Инвестициялық қорлар туралы» заң жобасының және ілеспе түзетулердің негізгі ережелерін ұсынды. Талқылау Құрылтай депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Гүлназ Атамқұлованың басшылығымен жұмыс тобының бірінші отырысы шеңберінде өтті.

Қазақстанда инвестициялық қорлардың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін
Фото: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Заң жобасы Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әзірленді және ұжымдық инвестициялар нарығын дамытуға, инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге және инвесторларды қорғауды арттыруға бағытталған.

Сөз сөйлеу барысында Олжас Қизатов ұсынылған өзгерістер инвестициялық қорларға бір қор шеңберінде бірнеше инвестициялық стратегияны іске асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Инвестициялық қорларды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен жай серіктестіктер нысанында құруға рұқсат беру ұсынылады, бұл шағын және орта бизнестің инвестициялық нарыққа қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.

Қазақстанда инвестициялық қорлардың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін
Фото: Kazinform

Заң жобасы исламдық, цифрлық және ESG-қорларын құру мүмкіндігін қоса алғанда, инвестициялық құралдар тізбесін кеңейтуді көздейді. Инвесторларды қорғауға ерекше назар аударылады. Тек білікті инвесторлар үшін балама қорларға қолжетімділікті көздей отырып, инвестициялық қорларды тәуекел деңгейіне қарай бөлу ұсынылады.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар инвестициялық қорлар нарығын дамыту, азаматтардың қорларға деген сенімін арттыру, ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту және нарыққа қатысушылардың жауапкершілігі мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда кәсіпкерлерге, соның ішінде шағын және орта бизнеске несие алуды жеңілдету шаралары қарастырылып жатқанын жазған едік. Банктердің ұзақ мерзімді қаржыландыруын кеңейту, кредиттік ресурстардың қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Б