Қазақстанда ипотека рәсімдеу жеңілдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «BI Group» холдингі екінші деңгейлі үш банкпен және Қазақстанның ипотекалық компаниясымен бірлесіп BI Finance ипотека орталығын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен», Сбербанкпен, Банк Центр Кредит банкімен және Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірге ашылған орталық несие рәсімдеуге кететін уақытты айтарлықтай қысқартады. Орталық халыққа тұрғын үй несиесі бойынша қызметтерді көрсетеді және тұрғын үй сатып алуға байланысты барлық мәселелерді бір жерде шешуге мүмкіндік береді. Ол «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады және құжаттарды клиенттер бір кеңседе және бір рет тапсырады.

«Жаңа орталық тұрғын үй мәселесін пәтерлер мен үйлердің кең таңдауының арқасында ғана емес, сонымен қатар сервисті жақсарту және барлық кезеңдерде - өтінім беруден бастап ипотекалық несие алуға дейінгі ипотекалық қарызды рәсімдеу уақытын қысқарту есебінен де оңай және тез шешуге мүмкіндік береді. Біздің клиентке сауалнама толтыру және құжаттар пакетін рәсімдеу үшін банк кеңселеріне қосымша келудің қажеті жоқ», - BI Group холдингі басқарма төрағасы Амангелді Омаров айтып берді.
null 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев мұндай орталық пәтер сатып алушылар үшін өте ыңғайлы екендігін айтты.

«Жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде өз клиентінің жанында болу, ол үшін процесті барынша ыңғайлы және жайлы ету маңызды. NovaCity және Sunrise жобалары мысалында тек бір ай ішінде қосымша кепілсіз 130 пәтер ресімделді, бұл халық үшін маңызды фактор болып табылады. Девелопер мен банктің синергиясы соңғы пайдаланушы үшін айтарлықтай нәтиже береді», - деді ол.
null 

Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Ишмұратов елімізде ипотекалық несие нарығы өсіп келе жатқанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта ипотекалық несие нарығының өсу қарқыны байқалады. Бұл бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен ипотекалық қарыздар ел халқының басым бөлігінің қол жетімді болуына байланысты. Біз BI Group ипотекасы орталығының ашылуын қолдаймыз және жаңа құрылым тұрғын үй мәселелерін шешуде оң ықпал ететініне сенімдіміз», - деді ол.
null 

Кездесу барысында холдинг пен банктер ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
null 

2017 жылы Қазақстанда ипотекалық несие беру көлемі 355,8 млрд теңгені, ағымдағы жылдың 10 айында 410 млрд теңгені құрады. 2017 жылы BI Group-тан пәтерді ипотекамен алғандардың пайыздық көрсеткіші 5,9, ал 2018 жылы 10-15 пайызды құрады. 2019 жылы компания бұл көрсеткішті 30 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

null 

Жаңа ипотека орталығы 2018 жылдың 20 желтоқсанынан бастап Сығанақ көшесі 18/3, Viva Plaza бизнес орталығында жұмысын бастайды.

Соңғы жаңалықтар