14:46, 06 Маусым 2014 | GMT +5
Қазақстанда ішкі әуе бағдарлары субсидияланады - Туризм индустриясы комитеті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ішкі әуе бағдарлары субсидияланады. Мұндай норманы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті «Арнайы туристік аймақтар туралы» жаңа Заңның жобасына енгізбек.
«Әуе бағдарларында бізде ең жоғары бағалар қалыптасқаны ешкімге де құпия емес. Сонымен қатар бізде ішкі тасымалды дамытуда проблема бар. Біз Туризмді дамыту тұжырымдамасын қабылдау кезінде осы мәселені Көлік және коммуникациялар министрлігімен келістік. Ішкі тасымалдар нарығын дамыту үшін жағдай жасау бойынша ішкі әуе бағдарларды субсидиялауда түсіністік бар», - деді «Туризм күнін қолдау» тақырыбындағы дөңгелек үстелде аталған комитеттің төрағасы Марат Иғалиев. Сонымен қатар ол алдағы жылы «Эйр Қазақстан» атты жаңа әуе компаниясы құрылатынын және ол жолаушылардың ішкі тасымалына негізделетінін еске салып өтті.