Қазақстанда ішкі бағыттардағы пойыз билеттері электронды жолмен ғана сатылмақ
«Электронды билеттерді сатуға арналған екі сайт әзірленді, одан бөлек мобильді қосымшалар шығарылып, вокзалдарда өзіне-өзі қызмет көрсететін арнайы терминалдар орнатылды. Сыртқы сайттарға да қолжетімділік беріп, пойыздарда қанша бос орын қалғанын ашық көрсетіп отырмыз. Сондай-ақ, сатып алушыларға арналған күту парағы, пойыздардың рейтингін жасау қызметтері де бар. 2020 жылға қарай компания билеттердің 90 проценттік электронды сатылымына көшуді жоспарлап отыр. 10% ғана мемлекетаралық бағыттарда қағаз билетті рәсімдеу үшін сақталады», - деді Арман Нұрышев Астанада өткен брифингте.
Бұған дейін Тұлпар-Тальго» пойыздарына билетті ерте сатып алған жағдайда 20-25%-ке дейін жеңілдіктер берілетіні хабарланған еді.
Сондай-ақ, 2020-2022 жылдары Қазақстанның барлық пойыздарын Wi-Fi қызметімен қамту жоспарлануда.