Қазақстанда ішкі туризмді кеңестік кездегі тәжірибе бойынша дамытпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ішкі туризмді дамытуда бұрынғы КСРО-ның тәжірибесі пайдаланылмақ. Бұл туралы бүгін «Туризм күнін қолдау» тақырыбындағы дөңгелек үстелде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев мәлім етті.
None
None

Осы орайда ол туристік жолдаманың 80 пайызын кәсіпорын төлесе, ал қалғанын жұмысшының өзі өтеуі тиіс екенін айтты. «Бұл кеңестік кездегі жақсы тәжірибе. Осы орайда ең бастысы - бұл жолдамалар тек Сарыағаш, Бурабай, Каспий теңізі секілді қазақстандық демалыс орындарына ғана арналуы керек. Біріншіден, адам демалады, кәсіпорын азаматты санаторийге жібереді. Екіншіден, біз еліміздің ішкі туризмін дамытамыз», - дейді ол.

Комитет басшысының айтуынша, осы тектес туристік сертификаттарды дамыту заңнамалық тұрғыда бекітіледі.

М. Иғалиев алдағы жылы комитет осы бастаманы ескере отырып, «Арнайы туристік аймақтар туралы» Заңды әзірлеуді бастайтындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар