Қазақстанда ішкі жалпы өнімдегі энергия сыйымдылығын 2015 жылға қарай кемінде 10 пайызға төмендету болжануда
Мемлекеттік энергетикалық тізілім қалыптастырылған, оған 2000-нан астам өнеркәсіптік кәсіпорын мен 28000 мемлекеттік мекеме кірді.
Негізгі 30 ірі кәсіпорынға энергия аудитін жүргізу жоспарлауда, 50 кәсіпорында энергия менеджменті жүйесі енгізілуде. Елдің 200-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорындарында жаңғырту жүруде және 300 млрд. теңгеден астам инвестиция салу жоспарлануда. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы осы іс-шаралардан шамамен 3 млн. м.э.н. (мұнай эквивалентідегі тонна) мөлшеріндегі энергия ресурстарды үнемдеуден тиімділік алу жоспарлануда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР ИЖТМ энергия үнемдеу саласында «Энергия тиімділігі - 2020» бағдарламасын әзірлеуде. Сондай-ақ, «Энергобаланс - 2020» бағдарламасы да дайындалуда.
2012-2015 жылдарға арналған энергия тиімділігі бойынша кешенді жоспар аясында 100-ден астам отандық энергия аудиторлары мен энергия менеджменттері дайындалды. 2012 жылы Астанада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Энергетикалық менеджмент» атты жаңа мамандық ашылды. Осы мамандық бойынша аталмыш университетте 27 адам оқытылуда.