Қазақстанда ислам дінін ұстанатындардың үлесі 70,2 пайызды құрап отыр - Ә. Смайылов

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанда ислам дінін ұстанатындардың үлесі 70,2 пайызды құрап отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Қазақстанда ислам дінін ұстанатындардың үлесі 70,2 пайызды құрап отыр - Ә. Смайылов

«Толтырылған анкеталардың мәліметі бойынша Қазақстандағы жалпы халық санының ішінде ислам дінін ұстанатындардың үлесі 11 млн. 237 мың адамды немесе 70,2 пайызды құрайды, сондай-ақ христиандықтар - 4 млн.190 мың. адам немесе 26,2 пайызға жетіп отыр. Ал иудаизмде - 5,3 мың, буддизмде - 14,6 мың адам және басқа да діндегілер 30,1 мың адамды құрайды. Дінге сенбейтіндердің қатарында 450,5 мың адам немесе 2,8 пайызы өздерін атап көрсеткен»,- деді агенттік басшысы.