Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанда ислам елдерінің ауыл шаруашылығы биоалуантүрлілігін сақтайтын Гендік банк құрылады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Берік Арынмен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйым
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Кездесу барысында тараптар Ұйымға мүше мемлекеттерде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан мен АҚИҰ арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

А.Исағалиев АҚИҰ-ны құрудың бастамашысы және қазіргі төрағасы ретінде Қазақстанның оның әлеуетін толық іске асыруға және халықаралық беделін одан әрі арттыруға мүдделі екенін атап өтті.

Өз кезегінде, АҚИҰ Бас директоры бірқатар мақсатты жобалардың іске асырылу барысы туралы, оның ішінде Қазақстан аумағында Ұйымға мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығындағы биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған Гендік банк құру жобасы туралы мәлімет берді.

Кездесу соңында тараптар Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) кеңістігіндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу мақсатында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Осыған дейін Қазақстан мен Финляндия стратегиялық шикізат бойынша жаңа технологияларды сынақтан өткізетіні туралы жаздық.