Қазақстанда ислам қаржыландыру нарығы неге дамымай отыр
Оның айтуынша, 2008 жылы ислам банктерінің Қазақстанда жұмыс жасауына барлық қажетті жағдай жасалған. Алайда қазір Қазақстанда толыққанды тек 1 ислам банкі ғана жұмыс жасап келеді.
«Екінші ислам банкі бірінші банкке қосылу қадамының алдында тұр. Ислам банкі Қазақстанда әлі де кең тарай қойған жоқтығын көріп отырмыз. Ислам банктері активтерінің үлесі барлық банктердің активтерінің 0,2 пайызын ғана алып отыр», - деді Ақышев.
Бас банкир мұндай көрсеткішке бірнеше фактор әсер етіп отырғанын айтты.
«Біріншіден, ақпараттың аздығы. Халық бұл банктердің қандай қызмет ұсынатынын біле бермейді. Екіншіден, бұл банктердің ел арасында бөлімшелері жоқ. Сондықтан оларға көп тұтынушы бара бермейді. Үшіншіден, ислам банкі өнімдері пайыздық көрсеткіштері жоқ болса да, дәстүрлі банктер ұсынған өнімнен қымбат келеді. Бұл жерде табыс шариғат қағидаларымен есептеледі. Бұл халық үшін қымбатқа түседі», - деді Данияр Ақышев.