Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамытудың перспективасы зор - Ұлттық банк
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамытудың перспективасы зор.
Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар сұрақтарына жауап берген Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.
«Өйткені, біз осы бағытта Ислам Даму банкімен бірлесіп, бұл бағыттағы заңды әзірледік. Заң 2008 жылы ғана қабылданды және біз өңірде дәл осындай заң қабылдаған жалғыз мемлекетпіз. Әрине, бұл бағытта мәселе баршылық. Бір ғана ислам банкі құрылды. Дегенмен, жалпылама алсақ бізде дәл осы бағытты дамытуға қатысты әлеует жетерлік», - деді ҰБ төрағасы.
Оның айтуынша, Қазақстан исламдық қаржыландыру мәселесі бойынша өзінің өңірдегі көршілерінен бірнеше жылға ұзап кетті. Сондықтан да, елімізде осы жүйенің әлеуеті дершағында пайдаланғаны абзал.