Қазақстанда істердің 95 пайызы бойынша соңғы шешім жергілікті соттармен қабылданады - Б.Бекназаров

АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанда істердің 95 пайызы бойынша соңғы шешім жергілікті соттармен қабылданады.

Қазақстанда істердің 95 пайызы бойынша соңғы шешім жергілікті соттармен қабылданады  - Б.Бекназаров

Кеше «КТК» телеарнасында өткен «Халық қызметшілері» бағдарламасында сұхбат берген ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Бектас Бекназаров осылай дейді.

«Біз сот жүйесін жетілдіру бойынша нақты жұмыстар жүргіздік. Біздің жоспарланған барлық болжамдарымыз толықтай алғанда Мемлекет басшысы тарабынан қолдау тапты және 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстанды сот әділдігі сот құрылымының жетілдірілген формасына көшті. Заңды күшіне енген барлық сот актілерін Жоғарғы Сот қарайтын бұған дейінгі амалдар және мыңдаған азаматтардың Жоғарғы Сотқа жүгінуге тура келуі ендігі уақытта тарихта қалды», - деді ол.

Б.Бекназаровтың атап өтуінше, қазіргі уақытта азаматтық істер қайта қаралу үшін бірінші инстанция сотына жіберілмейтін болды. Бірінші инстанция сотының шешіміне наразылық туындаған жағдайда соңғы шешім облыстық соттың апелляциялық алқасымен қабылданады.