Қазақстанда IT саласы бойынша көрсетілген қызметтер құны 6 айда 150 млрд теңгеден асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпараттық технологиялар саласындағы кеңес беру және тәжірибелік қызмет көрсету көлемі бір жылдың ішінде шамамен бес есе өскен. Бұл туралы ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда IT саласы бойынша көрсетілген қызметтер құны 6 айда 150 млрд теңгеден асты

Компьютерлік бағдарламалау, сондай-ақ кеңес беру және осыған ұқсас қызметтер құны 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 153,5 млрд теңгені құраған – бұл өткен жылмен салыстырғанда 38,9 пайызға көп.

Бұл салада қызмет көрсету көлемінің өсуі бесінші жыл қатарынан байқалып отыр.

Сектордағы қызмет көрсету көлемінің 90-ға жуық пайызы Қазақстанның екі бас қаласы – Алматы (69,5 млрд тг) мен Нұр-Сұлтанда (68,1 млрд тг) тіркелген.

Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда, қызмет көрсету көлемінің айтарлықтай өсімі байқалған: Нұр-Сұлтанда 23,1 млрд тг, ал Алматыда — 17,8 млрд тг. 1 млрд жуық теңгеге жылдық өсім сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында тіркелген.