Қазақстанда «Іздестіру – 2018» тактикалық оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының аумағында ҰҚШҰ ұжымдық жедел ден қою күштерінің жыл сайынғы «Жауынгерлік бауырластық-2018» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы шеңберінде өткізілген «Іздестіру - 2018» тактикалық арнайы оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайты хабарлады. 

Қазақстанда «Іздестіру – 2018» тактикалық оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - арнайы бөлімшелерді, құрама барлау және жауынгерлік органдарды іс-қимылды бірлесіп жоспарлау, іс жүзінде десанттау және жауынгерлік оқ ату мен соққы авиациясына мақсат көрсету және артиллерияның атысын реттей отырып, күндіз-түні таулы жерлерде олардың жауынгерлік үйлесуі мен практикалық қолданылуы.

nullЕл аумағында өткізілген оқу-жаттығудың ерекшелігі Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Қарулы Күштерінің құрамынан жедел топтар мен бөлімшелердің құрамына енгізе отырып, ҚР Қарулы Күштерінде бар басқару органдарын өрістету болды. Оқу-жаттығудың кезеңдері 3000-нан аса әскери қызметші мен 500-ден аса жауынгерлік және арнайы техника, оның ішінде, майдандық, армиялық, әскери-көлік авиациясы, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен ҰҚШҰ Қарулы Күштерінің барлау бөлімшелері қолданатын өзге де техниканы қоса есептегенде Қазақстанның бес полигоны мен екі оқу-жаттығу орталығында өтті.

 null  Шешуші кезеңде түнгі уақытта жауынгерлік оқ ату және барлау бөлімшелерінің практикалық іс-қимылдары паш етілді. ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы, генерал-полковник А.А. Сидоров ҚР Қарулы Күштері мен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің барлау бөлімдері мен бөлімшелерінің оқу-жаттығуды ұйымдастыру және өткізу, әртүрлі басқару органдарының үйлесімділігіне, барлау-жауынгерлік, атыс және соққы тапсырмаларын шебер орындалуына жоғары баға берді. Оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілер басқаруды ұйымдастыру, өзара іс-қимыл жасау және ҰҚШҰ әскерлерінің біріккен, әртүрлі топтамасы құрамында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде тәжірибе жинақтады.

null«Іздестіру-2018» тактикалық арнайы оқу-жаттығуының қорытындысы бойынша, ҚР Қарулы Күштерінің басшылығы қойған тапсырмалар мен оқу мақсаттары толық көлемде орындалды.