Қазақстанда кәдімгі оқ-дәрінің жалпы қоры 300 мың бірліктен асады - полковник А.Әубәкіров

sp;АЛМАТЫ.  Желтоқсанның   9-ы. ҚазАқпарат / /Екатерина Ионова/ -  Бүгінгі таңда     еліміз кәдімгі  оқ-дәрінің 300 мың  бірліктен  асатын  жалпы қорына ие.    Қазақстан  Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымымен тығыз  ынтымақтаса отырып,  оқ-дәрілерді сақтау  және   олардың артық қорын  жою нысандарындағы қауіпсіздікті    қамтамасыз  ету  жөнінде шаралар  қабылдауда. 

Қазақстанда  кәдімгі  оқ-дәрінің   жалпы  қоры  300 мың  бірліктен асады - полковник  А.Әубәкіров

 Бұл туралы     Қорғаныс министрлігі  жанындағы  Қару-жарақтардың  қысқартылуын  бақылау  және   инспекциялық қызметті   қамтамасыз  ету  жөніндегі  орталықтың бастығы  полковник Амангелді Әубәкіров    Алматыда     өтіп жатқан семинарда  мәлім етті.  Аталмыш  семинар кәдімгі  оқ-дәрілер саласындағы   үздік  тәжірибелер  жөніндегі  ЕҚЫҰ басшылығының  жинағын   қолдану   мәселесіне арналып  отыр.

«Қазақстан, ЕҚЫҰ-мен бірлесе  отырып,    ҚР Қарулы күштерінде   пайдаланылмайтын және  артық  оқ-дәрілерді    жою   жолымен кәдімгі   оқ-дәрілердің  қорларын  сақтау  нысандарының  қауіпсіздігін қамтамасыз  ету   жұмыстарын 2004  жылдан бері  жүргізіп келеді. Арыс қаласында оқ-дәрілерді бақылау  зертханасының  жұмысын жандандыру      жобасы қолға алынды.   Қазіргі  таңда ЕҚЫҰ  штаб-пәтерінде,   жұмыс  тобының аясында,   аталмыш жобаны бірлесіп жүзеге асыру   туралы  келісім   әзірленуде. Осы  бағытта  аймақтық деңгейде де   белсенді  жұмыстар  жүргізілуде»,  - деді  А.Әубәкіров.

«Бүгін  жүргізіліп отырған  шара,  Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға  төрағалығының   аясында  үлкен  маңызға ие, себебі   әскери-саяси  өлшемдер  ұйымның  жұмысында маңызды  роль  ойнайды.  ЕҚЫҰ   жаппай   қауіпсіздік  мәселелерінің  орындалуын  қамтамасыз  ететін және      барлық негізгі мүдделі  тараптардың саяси еріктері мен  ресурстарына  арқа сүйеу мүмкіндігіне  ие    халықаралық   еуропалық   құрылымның бірі  болып табылады», деп  атап   көрсетті  полковник өз сөзінде.