Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеу жоспары мерзімінен бұрын орындалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін арттыру бойынша жоспар мерзімінен бұрын орындалуы мүмкін. Бұл туралы Парламент Сенатында «Жасыл экономика» тақырыбында өтіп жатқан Үкімет сағатында ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Қалдықтарды басқару тақырыбына тоқталсақ, елімізде «Жасыл экономикаға» көшу жөнінде тұжырымдамада 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 40 пайызға, ал 2050 жылға дейін 50 пайызға жеткізу көзделген. Жыл сайын елімізде 5-6 млн тонна тұрмыстық қатты қалдықтар түзіледі. Биылғы 8 айда Қазақстанда 3,2 млн тонна тұрмыстық қатты қалдықтар жиналды. Оның ішінде 330 мың тоннаға жуығы қайта өңделді. Бұл көрсеткіш жалпы көлемнен 10,8 пайыз шамасында», - деді С. Нұрлыбай.

Осы орайда ол аталған көрсеткіш 2017 жылы 9 пайыз деңгейінде болса, 2016 жылы 2,6 пайызды қамтығанын еске салып өтті. Қазіргі кезде елімізде қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдейтін 130-дан астам кәсіпорын бар және олар жиырмадан астам өнім түрлерін шығарады.

«Әкімдіктер біздің министрлікпен бірге шағын және орта бизнесті кеңінен тарта отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заманауи кәдеге жарату әрі қайта өңдеу жөніндегі шаралар кешенін бекітті. Тиісті министрліктермен, қауымдастықтармен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе бұл тақырыпты бірнеше рет талқылап, ұсыныстарды әкімдіктерге жібердік. Осы бағыттағы жұмыстар лайықты түрде атқарылса, 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеуді 40 пайызға жеткізу көрсеткішін мерзімінен бұрын іске асыра аламыз, яғни 2-3 жылда орындауға болады», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум