Қазақстанда қалғым келеді - С.Шукхла

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада баспасөз мәслихатын өткізген үндінің «Келін» телехикаясында басты рөлді сомдаған актер Сидхарт Шукхла Қазақстанның қонақжайлылығына тәнті болғанын атап өтті.

Қазақстанда қалғым келеді - С.Шукхла

«Келін» сериалы Үндістанда да кеңінен танымалдыққа ие болған туындылардың бірі болып отыр. Ал бұл сериалдың рейтингі өте жоғары болғандықтан, оның аяқталуын күтудің қажеті қанша?», - деп әзілмен жауап берді ол БАҚ өкілдерінің «Келін» телехикаясы қашан аяқталады, деген сауалына орай.

Сонымен қатар ол Қазақстанның киноиндустриясы жайлы ақпараты аз екендігін айтып, елімізде қонақта болған күндер ішінде қазақ актерлерімен жақын танысып, біраз мағлұмат жинағанын атап өтті.

«Қазақстанға келетін кезімде не күтерімді білмедім. Дегенмен, ұшақтан түскеннен бастап Қазақстанның ғажап мемлекет екенін, адамдарының қонақжай екендігін байқадым. Қазақ халқы шын жүректен ризашылықпен, қонақжайлықпен қарсы алды. Сіздер де біздер сияқты отбасына үлкен мән береді екенсіздер», - деді ол.

Сонымен қатар ол келген сәттен бастап бірнеше фотосессияға қатысып, тіпті, кейбір адамдардың суретке түсуден шаршаған жоқсың ба, деп сұрағанын айта келе: «Сол сәттерде айналамдағы адамдар, әсіресе, қыздар сұлулықтарымен тәнті етті. Тіпті, Қазақстаннан кеткім де келмей қалды. Өкінішке орай, бүгін еліме ораламын. Сіздердің қонақжайлылықтарыңызды сағынатын боламын», - деді С.Шукхла.