Қазақстанда қандай ішкі әуе рейстері субсидияланады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде 23 ішкі бағытта орындалатын рейстер субсидияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Олар:
- Түркістан қаласынан 11 бағытта;
- Үшарал және Балқаш қалаларынан 2 бағытта;
- Көкшетау қаласынан 3 бағытта ұшатын рейстер.
Бұл бағыттарда билет құны 8 мыңнан 25 мың теңгеге дейін тұрады.
Олар бекітіліп, рейс ашылған сәттен бастап өзгермейді.