Қазақстанда қанша адамның ипотекасы қайта қаржыландырылды
Банктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 5 908 ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды.
Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы екі бөліктен тұрады.
«Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004-2009 жылдар аралығында ипотекалық қарыз алғандарға қолдау көрсетуге бағытталған. Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық банкі 130 млрд теңге бөлді. 2019 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде банктер 159,7 млрд теңге сомаға 25 807 қарызды мақұлдап, 139,7 млрд теңге сомаға 23 950 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы 237,6 млрд теңге сомаға 31 781 өтінім қабылданды», - деді баспасөз қызметінен.
Бағдарламаның екінші бөлігінде ҚР Ұлттық банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыру көзделген.
«2019 жылғы 10 қаңтарда банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 48,5 млрд теңге сомаға 5 908 өтінімді мақұлдап, 35,1 млрд теңге сомаға 4 540 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы 101,7 млрд теңге сомаға 8 078 өтінім қабылданды», - деді банктің баспасөз қызметінен.
Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 15 шілдеге дейін ғана ұзартылды.
Азаматтар қарызды қайта қаржыландыруға 2019 жылғы 1 шілдеге дейін өтініш бере алады.