19:28, 18 Қыркүйек 2020 | GMT +5
Қазақстанда қанша бала Кавасаки синдромына шалдықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде 35 бала Кавасаки синдромына шалдыққан. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кавасакиге ұқсас синдроммен ауырған балалардың саны Қазақстан бойынша - 35. Ал, соңғы 7 күннің ішінде бірде-бірде бір балада Кавасаки синдромы анықталған жоқ. 35 баланың 31-і аман-есен емделіп, үйлеріне қайтты. Қалған 4 бала қазіргі уақытта ем алып жатыр», - деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметідегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, емделіп шыққан 31 бала учаскелік дәрігерлердің бақылауына алынған.
«Олардың әрқайсысын учаскелік дәрігерлер қадағалап, денсаулығын бақылауда ұстап отыр», - деді Бағдат Қожахметов.