18:12, 19 Тамыз 2022 | GMT +5
Қазақстанда қанша қала, ауыл бар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы еліміздегі қала және ауылдар саны бойынша мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елімізде жаңадан 3 өңір құрылғаннан кейін әкімшілік-аумақтық бірліктер саны да өзгерді.
1 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда:
- 186 аудан;
- 89 қала (38 облыстық маңызы бар (50 мыңнан астам тұрғын), 48 аудандық маңызы бар (кемінде 10 мың тұрғын), 3 республикалық маңызы бар (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент);
- 29 кент;
- 6 293 ауыл бар.
Жаңадан құрылған және қайта ұйымдастырылған өңірлер бойынша:
Абай облысы / Шығыс Қазақстан облысы:
- аудан саны - 8 / 9;
- қала саны - 4 / 6;
- ауыл саны - 327 / 356.
Ұлытау облысы / Қарағанды облысы:
- аудан саны - 2 / 9
- қала саны - 3 / 8
- ауыл саны - 72 / 349
Жетісу облысы / Алматы облысы:
- аудан саны - 8 / 9;
- қала саны - 6 / 4;
- ауыл саны - 352 / 380.