Қазақстанда қанша су қоймасы 100% толып, кемерінен асып тұр

су қоймасы
Фото: Су ресурстары министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM - Су ресурстары және ирригация министрлігі осы сағаттағы су қоймасындағы жағдайды баяндады. 

БҚО-ның төрт ірі су қоймасы орта есеппен 88%-ға толған. 

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы.

Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы да 100%-ға толы.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 97%.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 82,4%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 39,8%-ға толды.

Қарағанды облысында үш ірі су қоймасы орта есеппен 98,6%-ға толы.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 92%.

Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар