Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың қанша ардагері тұрады

Павлодарда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 2 млн теңгеден беріледі
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгінде Қазақстанда 174 Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері тұрады. Бір жыл бұрын 222 майдангер Жеңіс күнін тойлаған еді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен, ардагерлер қай өңірде қоныс тепкен екен? Тізімге көз жүгіртелік:

Астана – 7 адам;
Алматы қаласы – 44 адам;
Шымкент – 2 адам;
Ақмола облысы – 6 адам;
Алматы облысы – 14 адам;
Абай ауданы – 4 адам;
Ақтөбе облысы – 1 адам;
Шығыс Қазақстан облысы – 14 адам;
Жамбыл облысы – 10 адам;
Жетісу облысы – 4 адам;
Батыс Қазақстан облысы – 13 адам;
Қарағанды облысы – 11 адам;
Қостанай облысы – 16 адам;
Қызылорда облысы – 4 адам;
Маңғыстау облысы – 2 адам;
Павлодар облысы – 7 адам;
Солтүстік Қазақстан облысы – 4 адам;
Түркістан облысы – 11 адам.

Атырау және Ұлытау облыстары әкiмдiгінiң мәлiметiнше, бұл аймақтарда ардагер қалмаған.

Соңғы жаңалықтар
telegram