Қазақстанда қант диабетінің инсулинге тәуелді түрімен ауыратындарды емдеуге қажетті препараттардың жеткілікті қоры бар

АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат  - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қант диабетінің инсулинге тәуелді түрімен ауыратын және гемофилиямен ауыратын науқастарды дәрілік заттармен уақтылы қамтамасыз етуге қатысты хабарлама таратты,

Қазақстанда қант диабетінің инсулинге тәуелді түрімен ауыратындарды емдеуге қажетті препараттардың жеткілікті қоры бар

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен гемофилиямен ауыратын ересек адамдардың қан факторын қамтамасыз етуге 3,2 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қанның 4 факторын сатып алуды Министрлік 2009 жылғы ақпанда жүргізді. Қажеттілік келесі жылға сатып алынатын дәрілік заттарды жеткізуді есепке ала отырып есептелінді. Республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған дәрілік заттарды пайдалану мониторингінің нәтижелері бойынша өңірлерде 2010 жылғы наурызға, яғни 2010 жылғы жеткізудің басталуына дейін дәрілік препараттардың жеткілікті мөлшердегі қалдықтары бар», делінген аталмыш министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің мәліметінше, гемофилиямен ауыратын балаларды дәрілік қамтамасыз ету Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік тағам рецептер бойынша тегін әрі жеңілдікті шарттармен босатылатын аурулардың түрлері мен халықтың жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес 2004 жылдан бастап жергілікті бюджет қаражатынан амбулаториялық-емханалық деңгейде жүзеге асырылуда. 2010 жылы амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша фармацевтикалық қызметтерді сатып алу қолданыстағы заңнамаға сәйкес денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары өткен жылдардағыдай жүзеге асыратын болады.