Қазақстанда қант тапшылығы болмайды – Сауда министрі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда қант тапшылығы болмайтынын айтты.

Оның сөзінше, бір келі қант 450 теңгеден аспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Неліктен бізде инфляция 18,8%-ды құрады? Инфляцияға ең үлкен фактор болған – қант, мұнда 75% қымбаттау болды. Бұл Ресейдің өз экспортын жабуына байланысты болды. Бұған жол бермеу үшін биыл әр аймақ жеке қант зауыттарына бекітілді. Әр өңір айналым қаражатын басқа аймақты емес, өзін қамту үшін жұмсауы тиіс», - деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін журналистерге.

Сауда министрі Қазақстанның өз қантымен 100 пайыз қамтамасыз етілетінін айтты.

«Иә, құрақ қант болады, өйткені әзірге қызылша жеткіліксіз. Бірақ бұл өзіміздің қант, сондықтан енді қант тапшылығы болмайды. Зауыттармен келісім жүргіздік, зауыттағы бағасы келісіне 450 теңгеден аспайды», - деді Серік Жұманғарин.


Соңғы жаңалықтар