10:18, 18 Ақпан 2013 | GMT +5
Қазақстанда қаңтар айында тұрғын үйді сату-сатып алу бойынша 11 мыңнан астам мәміле жасалды
АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - 2013 жылдың қаңтар айында тұрғын үйлерді сату-сатып алу жөніндегі тіркелген мәмілелердің саны 11 607 құрады, бұл оның алдыңғы аймен салыстырғанда 5,3 пайызға аз,

деп хабарлады Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
Агенттіктің ақпараты бойынша, 2013 жылғы қаңтарда тұрғын үйлерді сату-сатып алу мәмілелерінің саны 2012 жылғы қаңтармен салыстырғанда 17,3 пайызға өсіп отыр, деп хабарланды ҚР Президенті жанындағы ОКО-ның сайтында.
Ведомствоның хабарлауынша, сондай-ақ 2013 жылдың қаңтарында жаңа баспананың 1 шаршы метрінің бағасы республика бойынша орта есеппен 174,2 мың теңгені құрады және алдыңғы аймен салыстырғанда 0,9 пайызға қымбаттады. Ал абаттандырылған үйлерді қайта сату бағасы сәйкесінше - 131,1 мың теңгені құрады және 1,2 пайызға қымбаттады.