Қазақстанда қаңтар-сәуір айларында бензин өндірісі 10,4 пайызға артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында бензин өндірісі 1121,6 мың тоннаға жетіп, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 10,4 пайызға артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанда қаңтар-сәуір айларында бензин өндірісі 10,4 пайызға артты

Есеп берілген кезеңде Қазақстанда 82,6 мың тоннна керосин өндірілген. Нақтырақ айтқанда, бұл көрсеткіш өткен жылдың қаңтар-сәуір айларына қарағанда 49,6 пайызға артық. Сонымен бірге, 812,6 мың тонна (+6 пайыз) төмендетілген пропан мен бутан шығарылған.

«Сонда-ақ, осы аралықта 1419,7 мың тонна (-0,3 пайыз) газойль, 1108,2 мың тонна (+12,5 пайыз) мазут, 662 мың тонна (+2,4 пайыз) ферроқорытпа, 1013,4 мың тонна (+11,9 пайыз) тегіс прокат, 51,5 мың тонна (+5,6 пайыз) тазартылған қорғасын, 109,8 мың тонна (-7,8 пайыз) мырыш, 137,3 мың тонна (-0,6 пайыз) тазартылған мыс өндірілген», - делінген хабарламада.