Қазақстанда қаңтар-шілде айларында сағатына 61,3 млрд кВт электр қуаты өндірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы электр қуаты өндірісінің көлемі 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында сағатына 61,299 млрд киловатты құрады.

Бұл 2018 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3,4% кем, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік мерзімде 50,724 млн гигакалория көлемінде жылу энергиясы өндірілген (өткен жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда өндіріс көлемі 2,9% азайған), сумен қамтамасыз ету қызметінің көлемі 1 637,8 млн текше метрді құрады (+4,8%).


Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар
telegram