Қазақстанда қаңтар-тамыз айында алтын өндірісі 11,6% артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында өңделген және жартылай өңделген алтынның немесе ұнтақ түріндегі өндіріс көлемі 62 251 келіні құрады. Бұл 2017 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 11,6% жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанда қаңтар-тамыз айында алтын өндірісі 11,6% артты

Есептік кезеңде өңделген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күмістің өндіріс көлемі 638 640 келі болды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11% төмен.