Қазақстанда қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде - 15 наурызға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген аумағында 15 наурыз күні әлі де ауа райы тұрақсыз болып, кейбір жерлерде желдің күшеюі және бұрқасынды қар түседі деп күтілуде, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Алматы, Жамбыл облыстарында түнде кейбір жерлерде тұман түседі, күндіз Жамбыл облысында желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтілуде.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарында - кейбір жерлерде тұман, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі.
Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында кейбір жерлерде желдің секундына 15-22 метрге дейін күшеюі, бұрқасын, көктайғақ, Қостанай облысында - кейбір жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Батыс Қазақстан облысында - кейбір жерлерде бұрқасын, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі болады деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында бұрқасын, желдің секундына 15-22 метрге дейін күшеюі күтілуде.
Павлодар облысында күндіз секундына 18 метр екпінмен жел соғады.
Жақын тәуліктерде Сырдария (Көктөбе және Төменарық гидробекеттерінің арасында), Шу өзендерінде, Алматы облысының жекелеген өзендерінде (Іле, Қаратал, Ақсу, тағы басқа) мұз бетінің әлсіреуі және бұзылуы күтілуде. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады. Ауа температурасының жоғарылауына және күтіліп отырған жауын-шашындарға байланысты Алматы облысының төменгі таулы аймағында қардың еруі байқалады.