Қазақстанда қар түсіп, екпінді жел соғады, көктайғақ болады - 24 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағымдардың өтуімен байланысты Қазақстанның көптеген аумақтарында 24 қазан күні жауын-шашын күтілуде, республиканың солтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде қар жауып, екпінді жел соғады, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, түнде Павлодар, Қарағанды облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында жылдамдығы 15-22 м/с дейін жел соғады.

Түнде Қостанай облысының кейбір жерлеріне тұман түсуі ықтимал.

Ақмола облысының бірқатар аймақтарында көктайғақ болуы мүмкін.

Алдағы тәулікте Шығыс Қазақстан облысының таулы өзендерінде, соның ішінде Бұқтырма және тағы басқаларында жауын-шашынның мол түсуіне байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін, жекелеген өзендерде тасқын болуы ықтимал. Қазақстанның солтүстік облыстарының су нысандарында су бетінің одан әрі салқындауы байқалады.

Соңғы жаңалықтар