Қазақстанда қар жауып, күн суытады - синоптиктер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 3-5 ақпан күндері қар жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанда қар жауып, күн суытады - синоптиктер

«Алдағы демалыс күндері Қазақстандағы ауа райын циклон және соған байланысты ауа ағындары белгілейді. Республиканың біршама облысында қар жауып, боран соғады, желдің екпіні күшейіп, елдің оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі», - делінген хабарламада.

Қазақстандықтар тағы да күннің суытқанын сезінеді. Тек батыс өңірлерде жылы ауа райы сақталып, температура климаттық нормадан 3-8 градусқа жоғары болады. Қазақстанның қалған аумағында алдағы бірнеше күнде ауа температурасы нормаға жуық болады.