Қазақстанда қараша айында жаңа тұрғын үйдің бағасы 5,5%-ға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2015 жылдың қараша айында жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы алдыңғы айларға салыстырғанда 5,5%-ға - 248 484 теңгеге дейін көтерілді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
None
None

Статистикалық мәлімет бойынша, абаттандырылған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің алып сату бағасы қараша айында 186 898 теңгені құрады, бұл осы жылғы қазан айына қарағанда 2,4%-ға жоғары. Абаттандырылмаған үйдікі - 109 874 теңге (+2,2%).

Абаттандырылған тұрғын үйдің 1 шаршы метрін жалға алу бағасы 1 283 теңгені құрады(+0,8%).

Соңғы жаңалықтар