Қазақстанда қарт адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарлама жасау қажет - Д.Клебанова

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанда қарт адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарлама жасау қажет.

Қазақстанда қарт адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарлама жасау қажет - Д.Клебанова

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Дарья Клебанова осылай мәлім етті.

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына тоқталған депутат өз сөзінде, аталған кезеңде халықтың өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа дейін жеткізу күтілетінін атап өтті. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш 68,4 жасты құрайды. Ал межелі көрсеткішке қол жеткізудің бір жолы қарт адамдардың жағдайын жақсарту болып табылады.

«Өкінішке қарай қарт адамдарға тиісті назар аударылып отырған жоқ. Мәселен, халықтың осы санаты денсаулық сақтау саласындағы заң шығарушылардың назарынан тыс қалған. Олар өмірлік маңызды қызметтерді жүйелендірілмеген негізде алады. Оларға медициналық көмекті ұйымдастыру жалпы жұртшылыққа көмек көрсету қағидатына негізделіп жасалған. Егде жастағылардың ерекшеліктері еш ескерілмеген», - деді Д. Клебанова.

Оның айтуынша, олардың белгілі бір бөлігі жұмысқа қабілетті болғанына қарамастан, қарт адамдар еңбек нарығында да кемсітушілікке ұшырап жүр.

«Егде жастағылар үшін сақтандыру полюсін енгізу де аса қажет. Айтылғандарды ескере келе, Қазақстанда қарт адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарлама жасау қажет деп білеміз», - дейді Д. Клебанова.