12:58, 07 Тамыз 2025 | GMT +5
Қазақстанда кәсіби мерекелер тізбесі жаңартылды
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 шілдедегі бұйрығымен кәсіби мерекелер тізбесінің жаңа редакциясын бекітті.

Жаңартылған тізімге келесі кәсіби мерекелер енгізілді:
- Қазақстандағы қолөнершілер күні — 7 шілде
- Табиғи монополиялар саласы қызметкерлері күні — 9 шілде
- Санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлері күні — 15 қыркүйек
- Қоғамдық тамақтану саласы қызметкері күні — 20 қазан
- Қазақстан кәсіпкерлері күні — 29 қазан
Сонымен қатар Энергетиктер күнін атап өту күні өзгертілді. Бұдан былай бұл мереке желтоқсанның үшінші жексенбісінде емес, нақты күнмен — 22 желтоқсанда аталып өтеді.
Бұған қоса, бұрынғыдай кәсіби мерекелер тізбесіне келесі күндер де кіреді:
- ҚР Ұлттық ұланы күні — 10 қаңтар
- Қаржылық мониторинг органдарының күні — 28 қаңтар
- ҚР азаматтық авиация қызметкерлерінің күні — 1 ақпан
- Жерге орналастыру, геодезия және картография күні — наурыздың екінші сенбісі
- Мемлекеттік қызметтер көрсету саласы қызметкерлерінің күні — 7 сәуір
- Геолог күні — сәуірдің бірінші жексенбісі
- Ғылым қызметкерлері күні — 12 сәуір
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің күні — 16 сәуір
- ҚР Мемлекеттік күзет қызметі күні — 21 сәуір
- Байланыс қызметкерлері күні — 17 мамыр
- Метрология қызметкерлері күні — 20 мамыр
- Мәдениет және өнер қызметкерлері күні — 21 мамыр
- Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні — мамырдың соңғы жексенбісі
- Эколог күні — 5 маусым
- Бәсекелестікті қорғау органы қызметкерлерінің күні — 7 маусым
- Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшісі және қызметкері күні — 9 маусым
- Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні — маусымның екінші жексенбісі
- Мал шаруашылығы қызметкерлерінің күні — маусымның екінші жексенбісі
- Медицина қызметкерлері күні — маусымның үшінші жексенбісі
- Полиция күні — 23 маусым
- Мемлекеттік қызметші күні — 23 маусым
- Судья және сот қызметкері күні — 24 маусым
- Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні — 28 маусым
- Дипломатиялық қызмет күні — 2 шілде
- Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні — 9 шілде
- Ветеринария қызметкерлерінің күні — 10 шілде
- ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары күні — 13 шілде
- Нотариат күні — 14 шілде
- Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні — шілденің бірінші жексенбісі
- Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні — шілденің екінші жексенбісі
- Металлург күні — шілденің үшінші жексенбісі
- Сауда қызметкерлері күні — шілденің төртінші жексенбісі
- Теміржол көлігі қызметкерлерінің күні — тамыздың бірінші жексенбісі
- Құрылысшы күні — тамыздың екінші жексенбісі
- Шекарашы күні — 18 тамыз
- Кенші күні — тамыздың соңғы жексенбісі
- Аңшылық шаруашылығы қызметкері күні — қыркүйектің бірінші сенбісі
- Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні — қыркүйектің бірінші жексенбісі
- Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні — қыркүйектің екінші жексенбісі
- Атом саласы қызметкерлерінің күні — 28 қыркүйек
- Әділет органдары қызметкерлерінің күні — 30 қыркүйек
- Машина жасаушы күні — қыркүйектің соңғы жексенбісі
- ҚР жоғары білім беру қызметкерлерінің күні — 1 қазан
- ҚР техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің күні — 2 қазан
- Мұғалімдер күні — 5 қазан
- Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні — 6 қазан
- Қазақстан кәсіподақтары күні — 10 қазан
- Стандарттау қызметкерлерінің күні — 14 қазан
- Құтқарушы күні — 19 қазан
- Орман шаруашылығы қызметкері күні — қазанның үшінші жексенбісі
- Кітапханашы күні — 24 қазан
- Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні — қазанның соңғы жексенбісі
- Автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні — қазанның соңғы жексенбісі
- Автожол саласы қызметкерлерінің күні — қазанның соңғы жексенбісі
- Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні — 29 қазан
- Сыртқы барлау күні — 5 қараша
- Статистик күні — 8 қараша
- Цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласы қызметкерлерінің күні — 10 қараша
- Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлерінің күні — 10 қараша
- ҚР қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні — 15 қараша
- Бұрғылау шебері күні — қарашаның үшінші сенбісі
- Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні — қарашаның үшінші жексенбісі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні — 18 қараша
- Адвокатура күні — 5 желтоқсан
- Прокуратура күні — 6 желтоқсан
- Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні — 13 желтоқсан
- ҚР Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні — 20 желтоқсан
- Мұрағатшы күні — 22 желтоқсан
Жаңартылған бұйрық 2025 жылғы 17 тамыздан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін, Үкімет 1 маусым — балаларды қорғау күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу мәселесін талқылап жатқанын жазғанбыз.