Қазақстанда кәсіби-техникалық мамандар тапшы - Г.Әбдіхалықова

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 2020 жылға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИДБ) аясында кәсіби мамандар тапшылығының ең үлкен деңгейі Қазақстанның көлік саласында байқалуда.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада «Еңбек нарығы, кәсіби және техникалық білім беруді дамытудың болашағы» тақырыбында өткен республикалық конференция барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті.

«Елдегі ҮИИДБ аясында ең алдымен көлік саласы - шамамен 31 мың адам, тау-кен - 23 мың жұмысшы, мұнай секторында - 20 мыңға тарта, туризм және машина жасау индустриясында - 10 мыңнан астам білікті кадрларға мұқтаждық бар»,-деді министр.

Оның айтуынша, қажеттілік сұранысының 70 пайызға жуығы орта-кәсіптік және техникалық білімі бар мамандарға тиесілі. Жоғары білімі бар мамандарға сұраныс 14 пайызды құрайды. Қалған 16 пайызы біліктілікті талап етпейтін жұмыс орындары.

«Осылайша, бүгінгі таңда кәсіби-техникалық білімі бар мамандарға жол беру керек. Еңбек нарығы соны мәжбүрлейді»,-деді Г.Әбдіхалықова.

Соңғы жаңалықтар