Қазақстанда қатерлі ісіктерді анықтайтын арнаулы бағдарламалар жұмыс істейді - маман

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қатерлі ісіктерді анықтайтын арнаулы бағдарламалар жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін Меланомамен күрес күніне орайластырылып өткізілген онкологтар конференциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бас дерматовенерологы, «Қазақстан дерматовенерологтары мен дерматокосметологтары қауымдастығының» президенті Гүлнар Батпенова айтты.

Қазақстанда қатерлі ісіктерді анықтайтын арнаулы бағдарламалар жұмыс істейді - маман

«Республикада онкологиялық аурулармен күреске үлкен көңіл бөлінген. Ерте кезеңдерінде қатерлі ісіктерді анықтауға мүмкіндік беретін бірқатар скринингтерді қосқанда, арнаулы бағдарламалар жұмыс істейді», - деп атап өтті маман.

Оның айтуынша, онкологқа уақытылы қаралып, ауруды мұқият емдеген жағдайда, теріде пайда болатын қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың 95 пайызын толықтай емдеуге болады.

«Осы жайттарды ескере отырып, ең маңыздысы - ауруды ерте аңғарып, терідегі аурулардың алдын алып, қатерлі өскіндерге жол бермеу екендігін түсінген абзал», - дейді бас дерматовенеролог.