Қазақстанда қатерлі ісікті тегін анықтау бойынша ашық есік күні өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін еліміздің онкологиялық ұйымдарында колоректалдық қатерлі ісік (тоқ ішек обыры) бойынша тегін скринингтік тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«2022 жылдың 26 наурызында (сенбі) сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстанның онкологиялық мекемелерінде (онкодиспансерлерінде) колоректальды қатерлі ісіктің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күні өтеді. Онкологтар тегін қабылдау жүргізілетін болады. Тексеруден өтуге өтініш білдірушілер онкологтардан білікті кеңес ала алады; керек жағдайда одан әрі тексерулер тағайындалады», - делінген министрліктің хабарламасында.

Егер сізді төменде көрсетілген белгілер мазаласа, онкологтың тексеруінен өтуіңіз керек.

- Іштің тұрақты ауыруы;

- тұрақты іш қату, іш өту, диарея, нәжістегі қан және/немесе шырыш;

- Ішектің толық босатылмауы, қайта-қайта үлкен дәретке шыға бергіңіз келу, дефекация кезіндегі ауырсыну сезімі;

- тік ішектен қан кету, нәжістегі қанның қара іздері;

- Нәжіс деформациясы (бұралған немесе «қарындаш тәрізді нәжіс»);

- Ыңғайсыздық немесе ентігу;

- Түсініксіз шаршау, тәбет жоғалту, салмақ жоғалту;

- Жамбас ауруы;

- Сіз 50 жастан асқансыз.

Колоректальды қатерлі ісік – тоқ және тік ішектің әртүрлі бөлімдерінің қатерлі ісігі.

Колоректальды қатерлі ісік әлемдегі онкологиялық аурулардың құрылымында жетекші орындардың бірін алады және өсу үрдісіне ие. ДДҰ болжамы бойынша 2030 жылға қарай колоректальды қатерлі ісік ауруының жаңа жағдайларының 77%-ға және колоректальды қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғандардың саны 80%-ға артуы мүмкін екен.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда онкологиялық аурулар құрылымында колоректальды қатерлі ісік 3-орынды алады (үлес салмағы 9,1%, 3 294 жаңа жағдай). Жыл сайын колоректальды қатерлі ісіктің 3000-нан астам жағдайы тіркеледі. Және осы сырқаттан 1500-ге жуық науқас қайтыс болады.

Қазақстан ТМД-дағы 2011 жылдан бастап «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде колоректалды қатерлі ісікті ерте диагностикалау бойынша скринингтік бағдарлама енгізілген алғашқы ел. 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер МӘМС шеңберінде тегін емханаларда Колоректалды қатерлі ісікке қарсы скринингтік тексеруден өте алады.

Скринингтік бағдарламаның әдістері:

1. Жасырын қанға нәжісті иммунохимиялық зерттеу – iFOBT-тест (гемокульт-тест).

- мақсатты топтағы барлық ерлер мен әйелдер жасырын қанға нәжісті иммунохимиялық зерттеуді дербес жүргізеді.

2. Жалпы колоноскопия.

– нәжісті жасырын қанға оң талдау кезінде тоқ ішекке эндоскопиялық тексеру жалпы колоноскопия жүргізіледі.

Колоректальды қатерлі ісік диагнозын дер кезінде анықтаған кезде тоқ ішек полиптерін алып тастау, емдеу нәтижелерін жақсарту мүмкін болады.

Онкологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде көрсетіледі.

Қазақстан бойынша ашық есік күні өтетін онкологиялық ұйымдардың мекенжайы:

АЛМАТЫ:

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағат 09:00-ден 13: 00-ге дейін.

«Қазақ онкология және радиология ҒЗИ» АҚ

Мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 91, Шәріпов көшесінің қиылысы (кіреберіс Абай жағынан)

Анықтама үшін тел: 8 (727) 349-61-16.

Алматы Онкологиялық орталығы

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін.

Мекенжайы: Папанина көшесі 220 Литер А. 1-қабат.

Анықтама үшін тел.: 8 (727)312-24-70.

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ

Күні мен уақыты: 2022 жылғы 26 наурыз, сағат 9:00-13:00

«Нұр-Сұлтан қаласының көпсалалы медициналық орталығы» ШЖҚ МКК

Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Манас көшесі, 17;

Анықтама үшін тел.: 8 (7172) 54-20-05, 54-88-83.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ (ОҢТҮСТІК ӨҢІР)

Күні мен уақыты: 2022 жылғы 26 наурыз, 09.00-13.00.

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы

Мекенжайы: Алматы қаласы, Роза Бағланова көшесі 69а

Анықтама үшін тел.: 8777 016 82 40, 8(727) 261-29-52, 8 (727) 227-52-96, 8 (727)248-40-11.

ТАЛДЫҚОРҒАН (АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, СОЛТҮСТІК ӨҢІР)

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағ. 09.00-13.00

Облыстық көпсалалы клиникасы

Мекенжайы: Талдықорған қаласы, Абай көшесі 316.

8 (7282) 40-10-55.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 2022 жылғы 26 наурыз, сағат 9.00-13.00

«Қостанай қалалық көп бейінді онкологиялық ауруханасы» КМК

Мекенжайы: Қостанай қаласы, Көбеев көшесі 2б

Тел: 8(7142)- 73-03-44, 39-03-08.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 2022 жылғы 26 наурыз, сағат 09.00-13.00

Көпсалалы облыстық аурухана (емхана)

Мекенжайы: Көкшетау қаласы, Ақан Сері көшесі, 1 в.

Анықтама үшін тел: 8 (7162) 33-04-94.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 2022 жылғы 26 наурыз, сағат 9.00-13.00

«Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ КМК

Мекенжайы: Павлодар қаласы, Российская көшесі, 57/3 құрылыс;

Анықтама үшін тел.: 8(7182) 66-00-97, 66-00-98, 66-00-91.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағ. 09.00-13.00

Көпсалалы облыстық аурухана, онкологиялық орталық, емхана

Мекенжайы: Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 133.

Анықтама үшін тел.: 8 (7152) 46-60-08.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағ. 09:00-13: 00

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 1 корпус, Консультациялық-диагностикалық бөлімше (емхана).

Анықтама үшін тел.: +7 (7232) 48-91-51, 8 778 003 7845.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағ. 09:00-13: 00

Қызылорда облыстық онкологиялық орталығы

Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 72.

Анықтама үшін тел: 8 (7242) 23-52-81.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағ. 09:00-13:00

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Құрманбеков көшесі 2/6

Анықтама үшін тел.: 39-31-60.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 2022 жылғы 26 наурыз, сағат 09.00-13.00

М. Оспанов атындағы БҚММУ МО

Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс кенті 8.

Анықтама телефоны: 40-52-84.

СЕМЕЙ

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағ. 09:00-13: 00

Ядролық медицина және онкология орталығы

Мекенжайы: Семей қ., Құтжанов к-сі, 3

Анықтама телефоны: 77-51-00

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағ. 9:00-13.00

«Жамбыл облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ МКК

Мекенжайы: Тараз қаласы, Кенен Әзірбаев көшесі, 156.

Анықтама үшін тел.: 8702 365 39 28, 8 (7262) 52-22-83.

ШЫМКЕНТ

Күні мен уақыты: 2022 жылғы 26 наурыз, сағат 09.00-14.00

Қалалық онкологиялық орталық-қабылдау және кеңес беру бөлімі.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі № 85 А.

Анықтама үшін тел.: 8 7252 383-383.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 26 наурыз 2022 ж., сағ. 9:00-13: 00

Батыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансері

Мекенжайы: Орал қаласы, Алматинская көшесі, 58.

Анықтама үшін тел.: +7 (7112) 91-80-52.


Соңғы жаңалықтар