Қазақстанда «Қауіпсіз қала» акциясының төрт күнінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 40 мыңнан астам оқиғасы тіркелді

Өткізілген операциялар барысында ЖҚЕ-рін өрескел бұзудың фактілерін анықтау мен жоюға баса назар аударылды. Осының арқасында акция өткізілген 4 күн ішінде көлік рөліне мас күйінде отырудың 1 289 оқиғасы, белгіленген жылдамдықты асырудың 9 668 фактісі, қарсы бетке шығып кетудің 781 оқиғасы мен апатты жағдай туғызудың 375 фактісі тіркелді.
Сондай-ақ, акция кезінде жолаушылар тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің көліктерді пайдалану және ЖҚЕ-ні өрескел бұзудың 1007 оқиғасын анықтады. Бұл бағытта мемлекеттік көлік жүргізушілерінің тарапынан болған құқық бұзушылықтардың үлес салмағы 750-ді құрады.
Баспасөз қызметінен хабарлағандай, үстіміздегі жылдың 5 айында республика жолдарында 3 742 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 785 адам қайтыс болып, 4 371 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, деп хабарлайды Жол полициясы комитетінен, оқиғалар саны 5,6 пайызға азайып, қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны сәйкесінше 0,8 және 4,3 пайызға кеміді.