Қазақстанда қауіпті қалдықтарды жою зауыты салынбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның орталық немесе шығыс өңірінде тұрақты органикалық ластаушыларды жою зауытының құрылысы басталуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.
None
None

«Электронды қалдықтар мен ескі автокөліктерді, жиһаздарды кәдеге жарату мәселесі маңызды. Себебі, қауіпті қалдықтарды тек қоқысқа лақтыру салдары кейіннен кері әсерін тигізеді. Бұл тұрғыда экология мен қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар бірінші кезекте халықтың денсаулығына зиянын келтіреді. Болашақ ұрпақ үшін барлық қауіпті қалдықтарды жою мен кәдеге жарату жүйесі жолға қойылуы керек. Осы орайда министрлік Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып тұрақты органикалық ластаушыларды жою зауытының құрылысы бойынша жобаның аясында жұмыс істеудеміз», - деді министр.

Н.Қаппаровтың сөзіне қарағанда, бұл зауыт Қазақстанның орталық немесе шығыс бөлігінде орналасуы мүмкін.

«Біз қазір құрылыс алаңын таңдап жатырмыз. Осындай зауыт барлық қауіпті қалдықтарды жоятын болады. Бұл бірінші кезекте ірі өнеркәсіптік құрылғыларға, яғни аккумуляторларға, үлкен батареяларға және энергетикалық өнеркәсіптік қалдықтарға негізделмек. Осы зауытта электрониканың және басқа да қалдықтарды жоюға болады», - деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум