Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің барлық өңірінде, Алматы және Астана қалаларында Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы шеңберіндегі іс-шаралар басталды.
None
None

«ҚазАқпарат» агенттігіне берген сұхбатында ҚХА хатшылығының сектор меңгерушісі Нәзипа Шанаи акцияның мақсаты Елбасы жақында қол қойған «Қайырымдылық туралы» Заңын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге негізделгенін атап өтті.

«Әрине, Ассамблея қызметінің негізінде қайырымдылық қамтылған. Егерде тарихқа оралсақ, тек 1930 жылдан 1945 жыл аралығында 62 этникалық топ Қазақстанға күштеп жер аударылды. Осы этникалық топтардың бүгінге дейін халық ретінде сақталғаны - Ұлы Даладағы қазақ халқының қанында бар қайырымдылығының арқасында. Бүгінде қандай жағдай болмасын, яғни экономикалық немесе әлеуметтік ахуалға қарамастан, біздің халық іштей көмек қолын созуға даяр»,-деді ол.

Н. Шанаидың бүгінде қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар мемлекеттің көмекшісі ретінде қоғамға қажет екенін, бұл бағыттағы шаралардың мәртебесін көтеру маңызды болып табылатындығын атап өтті.

Осы орайда ол әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, көмек жасауға ниетті адамдар саны артып келе жатқанын атап өтті.

«Қайырымдылық керуені» акциясы - қоғамда мейірімділікті, гуманизм мен өзара риясыз көмек жасауды орнықтыру мен қазақстандықтардың, солардың ішінде балалардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейтуге бағытталған жоба.

Соңғы жаңалықтар