Қазақстанда қайырымдылық саласындағы ашықтықтың жүйесі әзірленуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қайырымдылық жасау саласында ашықтық қажет. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

Қазақстанда қайырымдылық саласындағы ашықтықтың жүйесі әзірленуде

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін ҚХА ынтымақтастық жөніндегі меморандумды PricewaterhouseCoopers халықаралық аудиторлық компаниясымен бекітті. Компания Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеуде және әлемде 150 жылдан астам танымал. Осы ретте олар аудит, консалтинг, салық пен заңгерлік бағыттарында тәжірибелі ойыншы ретінде саналуда.

«Бұл бағыттағы ынтымақтастық Қазақстанда міндетті халықаралық тәжірибені енгізу үшін өзара көмек көрсетуге негізделген. Компанияда бұндай тәжірибе бүгінде бар, сондықтан да олар ұйымдастырушылық және ақпараттық көмекке қолдау жасайды. Осы үдерістің айналасына көптеген мемлекеттік органдардың топталуы қажеттілік етеді. Бұл жұмыстар жүйеленуі тиіс, өйткені түрлі компаниялар өздерінің еркіне қарай көмек жасайды. Бірақ та, бұл көмекті жасаудың нақты әрі ашық бағдарламасы керек ететіні туралы бірыңғай тәртіп бар. Еліміздің кез келген азаматы кімге және қалайша көмек көрсетілгенін, сондай-ақ осы көмек нақты иесіне жеткендігі туралы білуі тиіс»,-деді Е. Тоғжанов.

Оның айтуынша, қазіргі кезде қайырымдылық жасау бағытында бірыңғай жүйелі қадамды жеті мемлекеттік орган даярлауда.