Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісімінің 1 722 кеңесі жұмыс істеуде -Е.Тоғжанов (ФОТО)
«Қазір 1 722 кеңес жұмыс істеп жатыр, соның ішінде 10 облыстық, 77 қалалық, 47 аудандық және 1 377 ауылдық деңгейде, сонымен қатар 111 қоғамдық келісім кеңесі ірі кәсіпорындардың ұжымдарында жұмыс істеуде. Жыл басынан бері 252 кеңеске өсті, әсіресе қала және ірі кәсіпорындар деңгейінде», - деді Е.Тоғжанов.
ҚХА Төрағасының орынбасары қоғамдық келісім кеңестері Ассамблея төрағасы - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылғанын еске салды.
Форумға ҚХА мүшелері, Парламент депутаттары, облыстық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, әкімдердің орынбасарлары, олардың кеңесшілері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, мемлекеттік органдардың және кәсіподақтардың, ардагерлер кеңестерінің, ҚХА журналистер клубының өкілдері қатысуда.