Қазақстанда қазір 300 мыңға жуық Ресей азаматы жүр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов Қазақстан аумағында жүрген ресейліктер туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері Қазақстанға үш миллионға жуық ресейлік келді, ел аумағынан шыққандар саны да шамамен бірдей болды. Ресейде ішінара мобилизация жарияланғалы елімізге 837 мың ресейлік келді, 780 мың адам қайта кетті. Қазіргі уақытта елімізде 298 мың ресейлік бар, оның 30 мыңы еңбек биржасында тіркелген шарттарға сәйкес жұмыс істейді», - деді Ілияс Испанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, олар уақытша тұру үшін тіркеуден өткен.

«Қазақстанда білім алып жатқан 20 мыңға жуық студент бар, сондай-ақ бізге келіп, транзитпен ұшатын адамдар бар. 21 қыркүйектен бастап 198 мың ресейлік елімізді транзиттік ел ретінде пайдаланды және олар жоспарлаған елге кетті», - деп толықтырды І. Испанов.


Соңғы жаңалықтар