Қазақстанда кедейлік деңгейі 1996 жылдан бастап 9 есе төмендеді

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанда кедейлік деңгейі 1996 жылдан бастап 9 есе төмендеді. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Қазақстанда кедейлік деңгейі 1996 жылдан бастап 9 есе төмендеді

«Кедейлік деңгейі 1996 жылдан бастап 9 есе төмендеді және 2012 жылғы 3 тоқсанда 4 пайызды құрады», - деді ол.

Сонымен қатар агенттік басшысының атап өтуіне қарағанда, бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 1992 жылдағы 128 теңгеден (24 АҚШ доллары) 2012 жылғы қаңтар-қазанда 99118 теңгеге дейін (666 АҚШ доллары) өсті.

Еліміздің 15 жастағы және жасы одан да үлкен экономикалық белсенді халқының саны 1,1 млн. адамға артып, 2012 жылғы қарашадағы бағалау бойынша 8,9 млн. адамды құрады.

«Жұмыссыздық деңгейі 2 есе дерлік төмендеді және 2012 жылғы қарашадағы бағалау бойынша экономикалық белсенді халықтың санынан 5,3 пайызды құрады», - деді Ә.Смайылов.